Бос және уақытша бос жұмыс орнына конкурс жариялау туралы » №5 орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Қонаев қаласы бойынша білім бөлімінің
"Ахмет Жұбанов атындағы №5 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(771) 469-02-18
Есепші бөлімі:
+7(771) 469-02-18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бос және уақытша бос жұмыс орнына конкурс жариялау туралы
15
август
2024

Бос және уақытша бос жұмыс орнына конкурс жариялау туралы

«Ахмет Жұбанов атындағы №5 орта мектеп» КММ келесі бос және уақытша бос лауазымдарға конкурс жариялайды:
1.Ағылшын тілі мұғалімі-5 бірлік;
2.Оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптардағы математика мұғалімі-2 бірлік;
3. Оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптардағы биология мұғалімі -1 бірлік;
4. Оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптардағы химия мұғалімі -1 бірлік;
5. Оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптардағы география -1 бірлік;
6.Оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптардағы тарих мұғалімі -2 бірлік;
7. Оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптардағы көркем еңбек мұғалімі (қыздар) -1 бірлік;
8. Оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптардағы көркем еңбек мұғалімі (ұлдар) -1 бірлік;
9. Оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі -2 бірлік;
10. Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі -0,75 бірлік (12 сағат);
11. Оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі -4 бірлік;
12. Оқыту орыс тілінде жүргізілетін бастауыш сынып мұғалімі-4 бірлік;

Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс стажына талап қоймастан, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат немесе біліктіліктің орташа деңгейіне жататын XI педагогикалық сыныбы бар 1995 жылға дейін орта мектепті бітіргені туралы құжат;
және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) денсаулық жағдайы туралы анықтама (.
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
11) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды несем қағаз форматта келесі мекен-жай бойынша 7 жұмыс күн ішінде қабылданады:
Қонаев қаласы, 5-ықшамаудан, 61 ғимарат, №26 кабинет.
Телефон: 87779917407

Лауазымдық міндеттері:
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;
білім алушыда педагогқа құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе "учитель/мұғалім" тікелей қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;
білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;
пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;
бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді;
журналдарды (қағаз немесе электрондық)толтырады;
оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;
оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, Жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;
инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды;
ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді;
арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады;
интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;
әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;
ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;
ата-аналарға кеңес береді;
кәсіби құзыреттілікті арттырады;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;
білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;
білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы”, "Педагог мәптебесі туралы", "Сыбайлас жаемқорлыққа қарсы туралы” “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы”, "Кемтар балаларды әлеуметтік, медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы” заңдары, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;
педагогика мен психология;
пәнді оқыту әдістемесі, тәрбие жұмысы, оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктері;
педагогикалық этиканың нормалары;
медиация техникасы және қақтығыстарды шешу мүмкіндігі;
оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптар;
құқық негіздері және еңбекті, экономиканы ғылыми ұйымдастыру;
еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

Бос және уақытша бос жұмыс орнына конкурс жариялау туралы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив