Қазақстан халықтарының «Тіл тағдыры –ел тағдыры» атты Тілдер мерекесін өткізуге арналған
Мектебімізде тіл мамандары ұйымдастырған қыркүйектің он тоғызы мен жиырма төрті аралығында мектепішілік «Қазақстан Республикасындағы Тілдер» мерекесіне арналған ашылу салтанаты АКТ залында ұйымдастырылды.
Мұғалімдеріміз белсенділік танытып, Аубакирова А.М. Жунусова А.К.5-8 сыныптар арасында «Мекмлекеттік тіл- менің тілім» атты байкау ұйымдастырды. Бұл байқау төрт кезенен тұрады. Біріші кезенінде «Сөз анасы- сәлем» атты таныстыру бөлімі. Қатысушылардың көркемсөз өнері және сымбаты,сахнадағы жүріс- тұрысы сынға түсті ,келесі кезең мақал-мәтелдер қаншалықты жақсы білетіндерін көрсете білді. Үшінші кезең «Салт дәстүрім –қазынам» атты бөлім, оқушылар қазақ халқының белгілі бір салт-дәстүр түрлерімен таныстырып кетті. Соңғы кезеңге келсек, катысушылар өз өнерлерін көрсетті.Сайыс соңында Бас жүлдені 7 «В» сынып оқушысы Комиссаров Данил ұтып алды, бірінші орын 8 «В» сынып оқушысы Дурнев Даниил иеленді, екінші орын 6 «Б» сынып оқушысы Понизова Анастасия және үшінші орынға иееленген 7 «Б» сынып оқушысы Шиятов Найль.
«Мемлекеттік тіл- менің тілім» сайысынан үзінділер.
Мектебіміздің кітапханасында да «Үштілділік – ел болашағы» атты кітап көрмесі көрсетілді. Ол бойынша жауапкершілік мектеп кітапханашысы Таттибекова Калима Әділбекқызына жүктелді. Оқушылардың кітапханаға деген қызығушылығын арттыру барысында саяхат жүргізіп, тақырып бойынша сұрақтар қойылып, жауап берілді.
Мектебімізде «Үштілділік – ел болашағы» атты кітап көрмесінде
«Қазақ тілінің білгірлері» атты сайыстан үзінді
Орта буын бойынша 5 «А, Б, В» сыныптар арасында ұйымдастырған мұғалімдер «Менің қазақ тілім» атты жарыс сайысын өткізілді. Сайыстың шарттары: «Мақал-мәтелдер» айту, «Менің қазақ тілім» атты қабырға газетін қорғау, осы тақырып төңірегінде шығарма жазып өткізу.Мәнерлеп өлеңдер оқу. 5-сыныптар арасында өз өнерлерін өте жақсы көрсеткен сынып 5 «А» сыныбы I орынмен, ІІ орынмен 5 «В» сыныбы, ІІІ орынмен 5 «Б» сыныбы марапатталды. 7-сыныптар арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты зияткерлік сайысты Танирбиргенова Г.К., Р.Т.Арғынбекова ұйымдастырды. Осы сайысты өткізу барысында мынадай мақсат қойылды: мемлекеттік тілімізді сүюге, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктерімен, салт-дәстүрімен таныстыру. Сайыс негізі 4 кезеңнен тұрады. «Таныстыру», «Бейнесұрақ», «Мақал-мәтел», «Болашақта кім боламын?». Нәтижесінде «ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысында І орынмен Комиссаров Данил иеленді.
8-11 сыныптар арасында «Тіл –тірлігімнің тірегі» атты үздік эссе байқауын Г.Б.Шакуова өткізді. Мақсаты: оқушылардың бойында елімізге, мемлекеттік тілге деген патриоттық және ұлттық мақтаныш сезімін ұялату және ұлтаралық ынтымақты қалыптастыру.
Байқауға өз шығармаларын ұсынған оқушылар саны – 7.. Бұл оқушылардың жазба жұмыстары жазылу талаптарына және шығармашылығына, тіл тазалығына сәйкес келетіндігімен ерекшеленді. Ал қалған оқушылардың шығармашылығында тіл тазалығына байланысты кемшіліктер орын алғандықтан, есепке алынбады.
Айта кетерлігі, 8-11 сыныптардың ішінен белсенділік танытқан оқушылар болмады.Бұл байқаудың нәтижесінде 11 «А» сынып оқушысы Қайырқан Асия эссе жұмысы үздік деп танылып, қалалық байқауға жіберілді.
Аптаның соңында «Қазақстан Республикасындағы Тілдер» мерекесінің аяқталуына орай ҚР халықтарының «Тілі басқа тілегі бір, жүзі басқа жүрегі бір» атты тіл фестивалі, апталықтың жабылу салтанаты аталып өтті.